Павлодар облысында кран өртеніп, жұмысшы жарақат алды
Павлодар облысында кран жанып, 57 жастағы әйел жарақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр. Оқиға Ақсу ферроқорытпа зауытының темір балқытатын №6 цехында болған. Көпірлі кран жүргізушісі метал құймасын толтыру үшін шөмішті түсірген кезде айналаға от ұшқан. Жалын кранның кабинасын да шарпыған. Еңбек инспекциясы тексеруді бастады.
Асқар Қапанов, облыстың бас еңбек инспекторы:
Ауруханадағы әйел адамның жағдайы қалыпты, бірақ денесінің біраз бөлігі қатты күйген. 3-ші дәрежелі күйікке шалынған жағдайда тексеруді кәсіпорын емес, біздің мекеме жүргізеді. Қазір инспекторымыз сонда. Өндірістегі оқыс жағдайдың орын алуы не себепті болғаны міндетті түрде анықталады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09