Көліктердің мемлекеттік нөмірін алу мерзімі қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көліктердің мемлекеттік нөмірін алу мерзімі қысқарды

09.12.2020

Қазақстанда көліктердің мемлекеттік нөмірін алу мерзімі қысқартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Елдің 9 ірі облыс орталығы мен мегаполистерінде тіркеу нөмірлерін шығаратын жаңа құрылғылар орнатылды. Сол себепті бұл рәсім жеңілдеді. Сондай-ақ, машинаның нөмірін қайта жасап шығару уақыты 3 есе қысқарып, 5 күн ішінде жүзеге асырылатын болады. Министрліктің мәліметінше, елде күніне 10 мыңдай автомобиль тіркеледі.  

Тағы бір жаңалық – жүргізуші көлігін аларда азаматтарға психикалық диспансер мен наркологиялық орталықтан анықтама алудың қажеті жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қажетті мәліметтер автоматты түрде көрініп тұратын болады. Әзірге бұл жаңалық тестілеу режимінде енгізілмек. Дегенмен, жақын арада оны ресмилендіру жоспарда бар.

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігі ресми өкілі: 
-Келер жылдан бастап жол жүру куәлігін ішкі істер органдарының қызметкерлері талап етпейтін болады. Себебі жеке куәліктің өзі жеткілікті. Барлығы ортақ базаға тіркелген.  

Фариза Мұсақызы


Көлік мемлекеттік нөмір

Хабарламаларға жазылу