Ақтөбе әкімдігінің қызметкері Қаржы министрлігін сотқа берді
Ақтөбе қаласы әкімдігінің қызметкері Қаржы министрлігін сотқа беріп, жеңіп шықты.
Өткен жылдың көктемінде қалалық тұрғын үй бөлімін басқарған Жанаргүл Дүйсекеноваға қызметін пайдаланып алаяқтық жасады деген айып тағылған еді. Алайда сот әкімдік қызметкерінің кінәсіздігін дәлелдеп, ақтады. Ол жуырда өзін заңсыз қудалағаны үшін моральдық зиянды өтеу ретінде үш миллион теңге төлеуді сұраған. Одан бөлек Полиция департаментінен кешірім сұрауын талап еткен. Сот оның бұл талаптарын жартылай қанағаттандырды. Дүйсекенова ақталып шыққан соң мемлекеттік қызметке қайта оралды.
Бекзат Жақыпова, қалалық соттың баспасөз қызметінің маманы:
Соттың шешімімен талап қоюшының талаптары ішінара қанағаттандырылды. Моральдық зиянның өтемақысы ретінде 800 мың теңге көлемінде өндірілді, ал қалған талап қанағаттандырусыз қалды. Соттың шешімі заңдық күшіне енген жоқ.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02