Салықтық есептерде 170 мыңға жуық сәйкессіздік анықталды
Биылғы 10 айда салық төлеушілердің есептерінде 170 мыңға жуық сәйкессіздік анықталды. Заңнамаға сәйкес, коммерциялық емес ұйымдардың кейбір кірістері корпоративтік табыс және қосымша құн салықтарынан босатылған. Бірақ олар салық органдарына шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдар мен өзге елдің азаматтарынан алған қаржысы туралы хабарлауға міндетті. Егер ақшаны жарғыда көрсетілмеген мақсатқа пайдаланса, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық төлейді. Қазір тиісті органдар бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан салық міндеттемесін орындамау бойынша өткен жылы 6, биылғы жылдың 9 айында 4 факті анықталды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы:-Қандай да бір есептік сәйкессіздік болса, қосымша салықтық есептілікті тапсыруға болады. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы қолданыстағы заңнамаға, демек Салық кодексі негізінде жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02