Қостанайда жүк вагондарының уақытында жөнелтілмеуінен кәсіпкерлер шығынға батып отыр
Қостанайда жүк вагондарының уақытында жөнелтілмеуінен өндірушілер шығынға батып отыр. Осылай деп аймақтағы кәсіпкерлер палатасына 45 фирманың өкілі шағымданған. Бұған вагондарды тіркеп-құрастырушы жалғыз мекеменің өз міндетін атқаруға қауқарсыздығы себеп. Ал басқа компаниялар осы жұмысқа рұқсат ала алмай жүр. Себебі вагондарды тіркеуге рұқсат беретін «ЦТС» акционерлік қоғамы бұл процесті тым қиындатып жіберген. Өтінімдерге араға ай салып жауап береді. 14 түрлі құжат сұрайды. Оның дайындап жіберген күннің өзінде рұқсатын бірден бере қоймайды. Созбаққа салып жүріп алады. Яғни, бұл салада шынайы бәсекелестіктің жолы кесіліп, оның соңы бизнестің шаш-етектен шығынға батуына соқтырып отыр.
Самат Сәдуақасов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ҚОФ директорының орынбасары:Аударма: Рұқсат беруші акционерлік қоғамға барлық операторларға бірдей жағдайға туғызуға кеңес береміз. Қажетті құжаттардың тізімі, қаралу мерзімі нақты белгіленуі тиіс. Және бұл ақпарат көпшілікке қолжетімді болуы керек.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02