Көктал-1, Тұран даңғылы мен Түркістан көшесі ең көп ластанған аудандар болды
«Қазгидромет» РМК экологиялық мониторинг станциялары 2020 жылғы 6-7 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында ауадағы ластаушы заттардың шекті-рұқсат етілген шоғырланудан (ШРШ) жоғары болғанын анықтады.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, ауаның шектен тыс ластануына қатысты дерек 6 желтоқсан сағат 19.00-ден бастап тіркелді:
1) РМ-2,5 өлшенген бөлшектер бойынша: 5,2 ШРШ-ға дейін 246 рет;
2) РМ-10 өлшенген бөлшектер бойынша: 2,2 ШРШ-ға дейін 161 рет;
3) Көміртегі оксиді: 1,8 ШРШ-ға дейін 55 рет;
4) Күкіртсутегі: 2,5 ШРШ-ға дейін 55 рет;
5) Күкірт диоксиді: 1,1 ШРШ-ға дейін 3 рет
6) Азот оксиді: 1,2 ШРШ деңгейінде 1 рет шектен асқан.
Атап өткен жөн, Көктал-1 аудандарында, Тұран даңғылы мен Түркістан көшесі ең көп ластанған аудандар болып тіркелген.
Мұндай метеорологиялық жағдай, яғни, -25 градус аяз бен жел соқпаған кезде, жер үйлерден шыққан түтін ауаны ластайды. Соның салдарынан, қалың улы түтін пайда болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06