Қауіпсіздік сертификатын сұраған кибержаттығулар аяқталды - министрлік
Тұрғындардан қауіпсіздік сертификатын орнатуды талап еткен кибержаттығулар аяқталды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.
«Қауіпсіздік сертификатына байланысты барлық кибержаттығу аяқталды. Тек мемлекеттік органдарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру мәселелеріне қатысты жаттығулардың бір бөлігі қалды. Бұл азаматтарға әсер етпеуі тиіс», - деді ол Орталық коммуникациялық алаңында өткен брифингте.
Ведомство өкілдері осы қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.
«Біз жаттығулар кезінде азаматтарға мейлінше қолайсыздық тудырмауға тырыстық. Алайда туындаған қиындықтар үшін кешірім сұраймыз. Біз азаматтардың бос уақытын ескере отырып, кибержаттығуларды арнайы демалыс күндерінде өткіздік», - деді Әбдіқалықов.
Айта кетейік, «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020» жаттығуы кезінде елімізде бірқатар шетелдік интернет-ресурсқа кіру қиындап, Facebook, Youtube қызметінен ақау байқалды. Осыған байланысты қазақстандықтарға ұялы байланыс операторлары қауіпсіздік сертификатын орнатуға кеңес берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02