Ресейде бір тәулікте 589 адам коронавирустан қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бір тәулікте 589 адам коронавирустан қайтыс болды

02.12.2020

Ресейде соңғы тәулікте 589 адам коронавирустан қайтыс болды. Осылайша, елде «ковид» құрбандарының жалпы саны 41 мыңнан асып, жұқтырғандар 2 миллион 350 мыңға жақындап қалды. Кейінгі 24 сағаттың өзінде мұндай науқастар 25345-ке көбейген.  

Дегенмен, Федералдық үкімет эпидемияның екінші толқынында карантин жариялаудан бас тартып, шектеу шараларын вирус кең тараған жерлерде ғана енгізіп жатыр.

Британ үкіметі болса, әлемде бірінші болып, «Pfizer - BioNTech» вакцинасын коронавирусқа қарсы қолдануға рұқсат берді. Ол келесі аптаның басында тұрғындарға салына бастайды.

Америкалық «Pfizer» мен германиянық «BioNTech» бірлесіп жасаған препаратты сынауға ондаған мың адам тартты. Зерттеу толық аяқталмаса да, бұл вакцинаның 95 пайызға тиімді екені дәлелденіп отыр.

Ал, Орталық Америка елдерінде қуаңшылықтан, коронавирустан, дауылдардан миллиондаған адам аштыққа ұшырады. Әлемдегі жағдай да мәз емес. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының дерегінше, жыл соңында планетада COVID-19 кесірінен аштыққа душар болғандар 270 миллионға жетіп, олардың қатары пандемияға дейінгі көрсеткіштен 82 пайызға көбеймек.

Арыстан Рысбек 


Ресей коронавирус

Хабарламаларға жазылу