Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін портал іске қосылды
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін портал іске қосылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Үкіметте баяндады. Біржан Нұрымбетовтың айтуынша aleumet.egov.kz сайты арқылы жарымжандар медициналық оңалту қызметтерін өз бетінше таңдап, мерзімін белгілей алады. Әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Қазір елімізде мүгедектігі бар 700 мыңнан астам азамат тұрады. Оның 430 мыңы еңбекке қабілетті жастар. 94 мыңы балалар. Қалғаны зейнет жасындағылар. Сондай-ақ Біржан Нұрымбетов мүгедектік бойынша бірқатар жәрдемақы қайта қаралатынын айтып отыр. Тиісті өзгерістерді Әлеуметтік кодекске енгізу көзделген.
Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:-Барлық I топтағы мүгедек жандарға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедек топтары бойынша бөлу, жәрдемақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектікті және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыларды бірге алу құқығын беру, І-ІІ топ мүгедектігі белгіленген жағдайда 18 жастан асқан балалар үшін тұрғын үй кезегін сақтап қалу сынды маңызды әлеуметтік нормалары бар.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18