«Nur Otan» партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды
«Nur Otan» партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды. Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордада «Nur Otan» партиясына салтанатты қабылдау шарасы өтті. Партия қатарына медицина, білім, мәдениет, заң және спорт секілді саланың белсенді өкілдері қосылды. Саяси ұйымның жаңа мүшелеріне партия билеттері табысталды. «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, Елбасы мен халықтың қолдауының арқасында «Nur Otan» партиясы уақыт талабына сәйкес өмірлік маңызды реформалар жүргізіп отырған еліміздің жетекші саяси ұйымы. Партия әрқашан негізгі үш қағиданы басшылыққа алады және оны берік ұстанады. Бұл – жауапкершілік, бірлік және ортақ мақсатқа деген адалдық.
Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өздеріңіз білетіндей 1991 жылы бірінші желтоқсанда тұңғыш рет Президент болып сайланып, бүкіл халықтық сайлауда халықтың қолдауымен Президент атанды. Әрине, үлкен еңбектің нәтижесі. Сол кезде Елбасы, оның қатарластары әріптестері биліктің тізгінін қолға ұстап, осы Қазақстанымызды бүгінгі күнде нәтижелі алып шықты.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Саясаттанушы: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
22.01.2026, 17:47
Әскер сапындағы сегіз қырлы сарбаздар
22.01.2026, 17:39
Екі мыңға жуық жазасын өтеуші жұмыспен қамтылды
22.01.2026, 17:38
Бозжыра шатқалында 4 инвестжоба жүзеге асырылуда
22.01.2026, 17:36
Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынды
22.01.2026, 17:33
Бизнес саласы білімге инвестиция құя бастады
22.01.2026, 17:30
Астанада Оксфорд университетінің хабы ашылады
22.01.2026, 17:27
Ресейде ҚҚС өсіп, қымбатшылық жайлады
22.01.2026, 17:24