Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан 400-ден астам үй жылусыз қалды
Өткен демалыс күндері жылусыз қалған Павлодар қаласының тұрғындары сол екі күн үшін жылуға ақша төлемейді. Аймақ басшысы монополист компанияға осылай деп нұсқау берді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның жұма күні кешкісін шаһардың оңтүстік бөлігіне жылу беретін 1-ші орталыққа қарасты диаметрі 800 миллиметрлік құбыр тесіліп, 440 үй және 36 әлеуметтік нысан жылусыз қалды. Апат орнына облыс әкімі барғаннан кейін дереу шешім қабылданып, бұл нысандар 2-ші және 3-ші электр орталықтарына қосылды. Ал ақау шыққан желідегі жөндеу жұмыстары бір тәуліктен кейін аяқталды. Істен шыққан желі жөнделіп, қала жылумен толық қамтылды.
Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі:Төтенше жағдайға жауапты құрылымдар тегіс жұмылдырылып, жылу желісі толық жөнделгенше қызмет көрсетті. Негізі жылу маусымы аяқталғанша осындай режимде жұмыс істеу керек. Ақау шыққанға дейін оның алдын алуды қамтамасыз еткен жөн. Кезекші диспетчерлерініз жұмысты ширатсын.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09