Алматыда бір апта ішінде карантин талаптарын бұзған 36 нысанға айыппұл салынды. Қаладағы мониторингтік топтар 184 мекемені тексеріп шыққан. Кәсіпкерлік нысандардың көбінде залалсыздандырғыш заттар жоқ. Әлеуметтік арақашықтық, бетперде режимі мен белгіленген жұмыс уақыты сақталмаған. Сондай-ақ, осындай ескертулерді бірнеше мәрте бұзғандар да анықталып, 4 материал сотқа жіберілген.
Сәдуақас Байғабылов, Тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Шағын және орта кәсіп иелері карантин ережесін сақтамағаны үшін 230 бен 310 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал жеке тұлғалар 80 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді. Кәсіпкерлерлік нысандарда тәртіп бұзу дерегі қайталанса, мекеме сот арқылы жұмысын тоқтатады. Наурыз айынан бері 4400 хаттама толтырылып, 440 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.
Нұрхан Нұрланұлы