Елордадағы дәмханалардың газ қолдану ережесі талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы дәмханалардың газ қолдану ережесі талапқа сай емес

27.11.2020

Газ баллондары аса қауіпті жерде орналасқан. Бүгін дәмханаларды аралап, түсіндіру шараларын жүргізген мамандар осындай жайттарға куә болды. Негізгі стандартқа сәйкес, баллондар жеке ғимаратта орналасу керек, газ компаниясымен арнайы келісімшарт болуы шарт. Жарамдылық мерзімі мен сапасы туралы мәлімет көрсетілуі керек. Бірақ рейд нәтижесінде бірнеше мекеме де бұл ережелер сақталмаған. 

Қытай тағамдарын әзірлейтін дәмхана 5 жылдан бері газголдерді қолданады. Газ құбырлары далада жер астында орналасқандықтан бұл мекеменің жұмысына сын айтылмады. Ал мынау екінші дәмхана. Фас-фуд өнімдерін пісіру үшін күніне үш баллон пайдаланады. Газ құрылғылары осы дәмханадағы жеке бөлмеде тұр. Баллон орнататын мекемемен келісімі бар. Жарамдылық мерзімі де көрсетілген. Бірақ төтенше жағдай басқармасына баллонның дәл осы ғимаратта тұрғаны ұнамады.  

Алмас Сүлейменов, төтенше жағдай басқармасының бас маманы: 
-Өрт қауіпсіздігінің ережесіне сәйкес, баллон сыртта тұруы керек., ішінде пайдалануға тыйым салынған. 
Нұржан Ысқақов, дәмхананың басқарушы маманы: 
-Бір аптаның ішінде орындаймыз. 

Ал мынау үшінші дәмхана. Келуші көп. Іші ыстық. Температуралық режим сақталмаған. Қауіпсіздік ережелерінің ескерілмегені бірден көзге түсті. 

Раушан Сайлауқызы, тілші:  
-Мінекей мынау донер пісіретін пеш қызу өте қатты. Ал арада 1 метр қашықтықта бір емес екі баллон тұр. Мамандар бұл өте қауіпті дейді. Себебі, қатты қызудың салдарынан газ жарылып кетуі мүмкін. 

Мұндағы тағам әзірлейтін құрылғылар өте тығыз орналасқан. Баллоның сымын ауыстыру керек. Дәмханадағы 4 баллонда пешке жақын тұр. Тіпті әкімшісі газды қай компаниядан тұтынатын да білмейді. Себебі, ортақ келісім жасамаған. 

Думан Жайлыбеков, газ инспекциясыны бас маманы: 
-5 метр болу керек. Мына жерде екі метрге де толмайды. Мұны басқа жерге орналастыру қажет. 

 Елордада дәл осында газ қолданатын 1000-нан астам орын бар. Мамандар тек бір күнде өрт тудыратын өрескел қателіктерді көзбен көрді. Ескерту жасады. Бірақ бұл тексеру емес. Айыппұл салынбайды. Дегенмен қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігі үшін бойды босқа салып, проблемаға салғырт қарауға болмайды. Әйтпегенде, екі адамның өмірін жалмаған жарылыс оқиғасы тағы қайталануы мүмкін. Айтпақшы сол оқиғадан зардап шеккен екі адам әлі жансақтау бөлімінде, 22-сі палатада жатыр. 

Раушан Сайлауқызы


Елорда дәмхана газ

Хабарламаларға жазылу