«Елорда іргесіндегі Қосшы ауылының қалаға қосу мәселесіне қатысты нақты шешім жоқ». Өңірдің дамуы туралы баяндаған Ақмола облысының әкімі осылай деді. Әуелі ұлттық санақ жүргізілуі тиіс. Әйтпесе қазір халық саны біркелкі емес. Бір жерде 36 мың, аралап шыққанда 60 мың, ал коммуналдық төлем есебімен қараса 55 мың адам тұрады. Бірақ мәселе жіті назарда,-дейді Ермек Маржықпаев.
Індетпен күреске де әзірлік тыңғылықты,-дейді әкім. 4 мыңнан астам медицина қызметкерлеріне 3 млрд теңгеден аса үстемақы берілді. Коронавирусқа қарсы шараларға 15 млрд теңге бөлінді.
Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі:-Жасанды өкпе желдету аппаратын 2 жарым есе көбейттік. Ал оттегі концентраторын 5 есе. Қосымша 4 рентген аппарат сатып алынды. Аудан ауруханалары 11 жылжымалы диагностикалық кешенмен қамтылған. Жедел жәрдем көлік паркі 60 машинамен толықты.
Жалпы шаһар маңы елді мекендерін дамытуға 25 млрд теңге бөлінген. Бұған инфрақұрылымды жақсарту жоспарланып отыр. Аймақта инвестициялар көлемі де былтырмен салыстырғанда 23%-ға өсіп, экономикаға 340 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталды.
Сондай-ақ индустрияландыру картасы аясында 276 млрд теңгеге 38 жоба іске асырылып жатыр. 14-і биыл аяқталады. Қатарында екі алтын өндіру фабрикасы бар. Нәтижесінде 4 мыңға тарта жұмыс орны ашылады.
Нысаналы Ығыл