Елбасының Қазақстандағы парламентаризмді нығайтудағы рөлі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының Қазақстандағы парламентаризмді нығайтудағы рөлі талқыланды

26.11.2020

Халықаралық Парламент өкілдері Елбасының қазақстандық парламентаризмді нығайтудағы рөлін талқылады. Бүгін Мәжілістің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай халықаралық конференция өтті. Онлайн форматтағы форумға Вьетнам, Италия, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Чехия мен Еуропалық парламенттің басшылары қатысты. Жиынды ашқан Мәжіліс Төрағасы Тұңғыш Президенттің елімізді және оның парламентаризмін қалыптастыру жолындағы теңдессіз рөліне тоқталды. Елбасының халықты қиындықтан алып шығып, ірі саяси, экономикалық-әлеуметтік реформалар жасағанын атап өтті. Ал, халықаралық парламент өкілдері Қазақстанның дамуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор, демократияны, адам құқықтарын және заңның үстемдігін орнатуда қолға алған қадамдары маңызды екенін айтты.  

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:  
-Бүгінде біздің кәсіби Парламент қоғамдық пікірлер мен ашық саясаттың биік орны болумен қатар, мүмкіндігі мол, қуаты мықты, жоғары заң шығарушы органға айналды. Өзіне жүктелген әрбір міндетті абыроймен атқарып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды қадамдарын, саяси, экономикалық, әлеуметтік бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз етіп келеді.  

Амангелді Сейітхан


Елбасы Қазақстан парламентаризм

Хабарламаларға жазылу