Көкшетау және Степногорск қалалары карантинге жабылады
Ақмола облысында карантиндік шектеулер тағы да күшейтілді. 28-інші қарашадан бастап Көкшетау және Степногорск қалаларына кіріп-шығуға тыйым салынады. Санитарлық бекеттерден өту үшін коронавирусты жұқтырмағаны туралы ПТР-тест анықтамасы болуы керек. Жақын елді мекендерден қатынап жұмыс істейтін тұрғындар мен медициналық көмекке жүгінбек науқастарға ғана рұқсат бар. Қос шаһардағы мекемелер қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылады. Қоғамдық көліктер, тамақтану орындарына қатысты шектеулер сақталады.
Айнагүл Мусина, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы:-Негізгі шектеулер Көкшетау мен Степногорск қалаларына қатысты. Себебі ауруды жұқтырғандар көбейіп жатыр. Демалыс күндері аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орындары жұмыс істемейді. Тек азық-түлік дүкендерінің қызметіне рұқсат берілді. Жексенбіде қала ішінде автобустар жүрмейді.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02