Елімізде жұмыс істейтін шетелдіктердің зейнетақы мәселелері реттеледі
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударған жарна мөлшеріне қарай, заң шеңберінде тиісінше төлем алады. Парламент Сенатының жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң қабылданды. Қазір халықаралық ұйымға қарасты елдердің мұндай төлем жүйелері әртүрлі. Дегенмен, аталған келісім жұмысшылардың зейнетақы мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді.
Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:-Әрбір мүше мемлекет зейнетақы алу құқығын айқындап, оның мөлшерінің өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес есептейтін болады. Келісімнің күшіне енуі Еуразиялық интеграцияны дамытудың келесі кезеңі болып, Одақ шеңберінде біздің және қатысушы басқа да ел азаматтарының әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27