Әкімдік қызметкері әдепсіздігі үшін жазаға тартылады
Ақтөбе облысының Кенқияқ ауылының әкімдік қызметкері мас күйінде тұрғынға тиіскен. Оның бейәдеп қылығын куәгерлердің бірі телефонға түсіріп алған.
Көріністерден қызметкердің мас екенін аңғару қиын емес. Тапа-талтүсте ащы суға тойып алған әкімдік маманы өзі ренжіткен әйелдің қызын да ұрмақшы болып ұмтылғанын көруге болады. Дегенмен, оны көлік жүргізушісі ұстап қалған. Бұл осы ауылдағы әкімдік өкілдерінің бірінші оғаш қылығы емес. Темір ауданының әкімі соңғы жағдайға байланысты комиссия құрылып, тиісті шаралар қабылданатынын хабарлады. Дерек расталған жағдайда Мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексі негізінде қатаң шаралар қолданылады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09