Рудныйдағы 330 млн теңгеге салынған аттракцион қайта бұзылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рудныйдағы 330 млн теңгеге салынған аттракцион қайта бұзылып жатыр

25.11.2020

Қостанай облысының Рудный қаласында 330 млн теңгеге салынған аттракцион қайта бұзылып жатыр. Нысан адам өміріне қауіпті болған соң, сот осындай шешім шығарған. Аттракционның кабиналары желмен шайқалып, аударылып - төңкеріліп жатқаны жайлы бейнеролик мамыр айында тарап кетті. Кейін іс сотта қаралып, бірнеше лауазымды тұлға қылмыстық жауапқа тартылды. Тергеу барысында нысан құжатта көрсетілгендей 330 млн теңгеге Ресейден емес, 160 млн теңгеге Қытайдан сатып алынғаны анықталды. Яғни, мердігер компания мен тапсырыс беруші сыбайласып 170 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған. Сот үкімімен қаланың құрлыс бөлімінің экс-басшысы 10 жылға сотталды. Ал жалған келісім жасап аттаркцион бағасын асырып көрсеткен мердігер компанияның заңгері 8 жылға бас бостандығынан айырылды.   

Дәурен Жәкенов, Рудный қаласы әкімдігі құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
Бүгінгі таңда бұзу жұмыстары басталып кетті. Қазір кабиналар мен жарықтандыру жүйесі толық алынды. Бұзылған бөлшектер арнайы күзетілетін орынға жинақталады. 

Дәуренбек Әбдібек 

Рудный Аттракцион

Хабарламаларға жазылу