Дәмханадағы жарылыс: тағы бір адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәмханадағы жарылыс: тағы бір адам көз жұмды

24.11.2020

Ережені елемеудің соңы күні кеше елордада болған қайғылы оқиғаға соқтырды. Дәмханада болған жарылыстан бүгін тағы бір адам көз жұмды. Ол ауруханаға өте ауыр халде түскен еді. Ақыры жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қазір дәрігерлер тағы екі адамның өмірі үшін күресіп жатыр. Еске салайық, демалыс күндері тамақтану орнында газ баллондары жарылып, салдарынан бір адам қаза тапқан еді. Тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. 

Ал, Таразда жеке тұрғын үйде жарылыс болып, 11 жастағы бала зардап шекті. Денесінің 15 пайызын күйік шалған жасөспірім қазір ауруханада жатыр. Оқыс оқиға кезінде баланың қасында болған анасы дін аман. Тұрғын үй кеше кешкісін ғана газ құбырына қосылған. Жарықты жаққан бойда жарылыс болып, үйдің төбесі опырылып түскен. Тексеру басталды, шығын көлемі есептеліп жатыр. Құбыр жүргізген мердігер қыста далада қалған отбасына баспана тауып бермек.    

Ләйлә Дулатқызы

Дәмхана жарылыс газ баллон

Хабарламаларға жазылу