Америкалық «Moderna» компаниясы коронавирусқа қарсы 95 пайызға тиімді вакцина жасап шығарды. Бұл - әлемде «ковидке» қарсы сынақтан сәтті өткен үшінші препарат. АҚШ үкіметі екпенің 100 миллион дозасына тапсырыс беріп те қойған. Оның 20 миллионы жыл соңына дейн қолданысқа берілмек.
Инфекцияның өршуінен көптеген елдерде шектеу шаралары күшейтіліп жатыр. Бүгін Австрияда үш апталық локдаун жарияланды. Азық-түліктен басқа дүкендер жабылып, оқушылар қашықтан оқу режиміне көшті. Тұрғындарға үйден себепсіз шығуға тыйым салынды.
Иранда да індеттің үшінші толқынымен күрес жүргізіліп жатыр. Қарашаның 21-нен бастап жұмыс орындары жабылып, қала аралық көлік қатынастары тоқтатылады. Науқастар саны күрт артқандықтан ауруханаларда орын тапшы. Елде тәулігіне 13 мыңдай адам жұқпалы дертке шалдығуда.