Еуропа ауруханаларында коронавирус науқастары үшін орын жетпей жатыр
Еуропа елдерінде коронавирус жұқтырғандар үшін госпитальдерде орын жетпей жатыр. Сонымен қатар, дәрігерлер де аздық етіп отыр.
Мәселен, Францияның жан сақтау бөлімдері 92 жарым пайызға толса, Италияда «ковид» диагнозы қойылған пациенттерді орналастыру үшін жедел жәрдем машиналары ауруханалардың жанында ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Осындай жағдайға тап болған Бельгия мен Нидерланды қауіпті вирусқа шалдыққан науқастарын Германияға жөнелтіп жатыр. Бірақ, неміс дәрігерлері де емдеу мекемелерінде орын тез азайып жатқанына шағымдана бастады.
Айта кетсек, қазір коронавирус жұқтыру оқиғалары Испания, Ұлыбритания, Чех Республикасы, Польша, Португалияда да күрт көбейіп, медицина жүйесіне үлкен салмақ түсіріп отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21