Божко екі жылға бас бостандығынан айырылды
Ол жазасын аса қауіпті емес колонияда өтейді.
Қыркүйек айында украин блогерімен тікелей эфирде сөйлесіп, қазақ халқына, қазақ тіліне тіл тигізген қостанайлық кәсіпкер Кирилл Божко екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы телеарна сайтына Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот үкімі кеше, 5 қараша күні Рудный қаласында жария болған.
«Рудный қаласының соты азамат К.Божконы Қылмыстық кодекстің 174 бабы, 1-тармағына сай кінәлі деп танып,оны екі жылға бас бостандығынан айырды. Азаматтың кінәсі бейнежазба арқылы дәлелденді, сараптама қорытындысы бар»,-деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Дереккөзіне сүйенсек, Кирилл Божко аса қауіпті емес колонияға қамалады.
Естеріңізге сала кетейік, 21 қыркүйек күні Қостанай өңірінің тұрғыны Кирилл Божко әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде қазақтарды маймылға, ал, қазақ тілін маймылдардың тіліне теңеген. Сол арқылы ұлтаралық араздық туғызған Божконы тиісті органдар тез арада қолға түсірген болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматылық оқушы халықаралық олимпиадада топ жарды
30.10.2026, 17:28
Ел жаңалықтарына шолу
30.10.2026, 17:23
Павлодардағы медициналық емханада бюджет қаржысын жымқырған
30.10.2026, 17:22
Ауғанстан фермерлері көкнәрді қайта өсіре бастады
30.10.2026, 17:20
Ертіске 22 мыңнан аса бекіре шабақ жіберді
30.10.2026, 17:17
Ауыл шаруашылығына арналған маркетплейс іске қосылуы мүмкін
30.10.2026, 17:15
Президент Жолдауы ел дамуына сеп болатын стратегиялық бағдар
30.10.2026, 17:14
Түркі әлемінің цифрлық ынтымақтастығы кеңейеді
30.10.2026, 17:12