Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқарады - ВАК шешімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқарады - ВАК шешімі

03.11.2020
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқарады - ВАК шешімі

Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді.

Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша, мына азаматтар үшін мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді:

- ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін; 

- ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін.

Бұл азаматтар Қазақстан шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).

Визасыз режим бойынша

57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылды. Ал ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұру 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды.

Түркиямен әуе рейстері бойынша

9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің саны аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарады.

Айта кетейік, 2 қарашадағы эпидахуал бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар санының артуы байқалады. 5-18 қазан аралығында елімізде вирусты жұқтырған 1272 адам анықталды, 19 қазан-1 қараша аралығында 3352 адам тіркелген. Өсу қарқыны 0,4%-ды, репродуктивтілік көрсеткіші 1,4-ті құрайды. 


түркия әуе рейсі Визасыз режим мемлекеттік шекара ВАК

Хабарламаларға жазылу