Ауыл әкімі құс тұмауына орай шешім шығарғанымен, өз құстарын жасырып ұстаған
Павлодар облысы Железинка ауданы Озерное ауылының әкімі індетке шалдыққан тұрғындардың құстарын жою туралы қаулы шығарып, өз ауласындағы құстарды жасырып қалған. Осыдан бір ай бұрын өңірде құс тұмауы өршігенде ауданда карантин жарияланып, 10 мыңнан аса үй құсы өрттелген болатын. Алайда сол кезде ауылдық округ әкімі Қарлығаш Әбілғазина 20 шақты қазды қимай иесіз қораға тығып тастаған өзі емес, зайыбы екенін айтып ақталды. Мемлекеттік қызметкердің бұл әрекеті енді облыстық Әдеп кеңесінде қаралады.
Қанат Қималиденов, Железин ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы:-Қазіргі уақытта жасырылған құс жойылды. Ауылдық округ әкімінің азаматтық жұбайына 20 айлық есептік көрсеткіш айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары негізінде Озерное ауылдық округінің әкіміне байланысты материалдар Мемлекетік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңесіне қарау үшін жіберілді.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02