Мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде - министр

21.10.2020

Қазақстанның мемлекеттік қырызы 2025 жылы былтырғымен салыстырғанда екі есе өседі. Яғни 25 трлн 692 млрд теңгеге жетеді. Мәселен, 2021 жылы ол жалпы ішкі өнімнің 30,3, 2022 жылы 30,5 пайызына дейін жетеді. Бұл деректер Мәжілістің жалпы отырысында 2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау кезінде айтылды. Елімізде мемлекеттік қарызды жалпы ішкі өнімнің 27 пайызынан асырмау туралы лимит бар. Дегенмен Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев: «Қазақстан экономикасы үшін бұл көрсеткіш қауіпті емес. Халықаралық ұйымдар жалпы ішкі өнімнің тең жартысын мемлекеттік қарызға бөлуге рұқсат етеді», - деді. 

Мәжіліс алдағы 3 жылға арналған бюджет жобасын бекітті. Онда жалпы шығындардың жартысынан көбі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Алдағы 3 жылдық бюджетте ең біріншіден пандемия кезінде азаматтарды қолдау жағдайы ескерілді. Сонымен бірге жылдағы дәстүр бойынша экономиканы дамыту, әлеуметтік міндеттер, денсаулық, білім, еңбек салаларына ерекше назар аударылды. Себебі республикалық бюджетті қалыптастыру - Елбасы және Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттерді сапалы орындаудың кепілі.

Оңғар Алпысбайұлы

мемлекеттік қарыз қарыз қазақстан мәжіліс

Хабарламаларға жазылу