Коронавирусты анықтайтын ПТР тест тарифі 22 пайызға арзандайды - ДСМ

14.10.2020
Коронавирусты анықтайтын ПТР тест тарифі 22 пайызға арзандайды - ДСМ

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын ПТР тест тарифі 22 пайызға арзандайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Шығын материалдары нарығында бағаның төмендеуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ПТР тест тарифін 22 пайызға дейін төмендету туралы ұсыныстар әзірледі. Жеке қорғаныc құралдары мен тест жүйелерінің бағасы арзандаqды. Ұсыныс мақұлданса, тариф осы айдың соңына дейін бекітіледі», - деді министр

Оның айтуынша, қазір коронавирусты анықтайтын зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 45 мың тесттен асады.

коронавирус Денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цой брифинг ПТР тест

Хабарламаларға жазылу