Коронавирусты анықтайтын қазақстандық тест жасалды

12.05.2020

Коронавирусты анықтайтын қазақстандық тест жасалды. Алайда оның ерекшелігін анықтамай жатып көп мөлшерде шығаруға асықпаймыз, қазір оның сапасын зерттеу жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты. Ол сондай-ақ, вирустан емделгендер санының артып жатқанына тоқталды. Наурызда вирусты жұқтыру өсімі 150% болса, соңғы күндері небәрі 2-3% қана. Елде карантин талаптарын жұмсарту 3 кезеңмен жүзеге асырылады. Карантиннен шығарудың 5 тобы анықталған. Бірінші топ — жұмысқа кірісетін еңбек тобы, екінші топ — балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер. Үшіншісі - қызмет көрсету саласы. Төртінші топ — халықтың қозғалысы, яғни әуе, темір жол және көлік қатынасы. Қазір Атырау, Батыс Қазақстан мен Шымкент қаласынан басқа өңірлерде әуе қатынасы ашылды. Бесінші топ — облыс ішіндегі халықтың қозғалысы.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу