Түркия ғалымдары коронавирусты 10 секундта анықтайтын тест ойлап тапты
Ғалымдардың айтуынша, тест вирустың бар-жоғын 99% дәл анықтайды. Бұл туралы euronews ақпарат агенттігі хабарлап отыр.
Дереккөзге сүйенсек, Түркия ғалымдары коронавирусты небары 10 секундта анықтайтын тест түрін нанотехнологиялардың көмегімен жасап шығарған. Басқа ПТР-тесттердей емес, бұл зерттеу кезінде адамның сілекейі арнайы сұйықтықпен араласады, инфекцияны анықтау үшін ерекше микрокесте пайдаланылады.
«Осылайша, вирус он секунд ішінде табылады. Ал, вирус жоқ болса, тест 20 секунд ішінде нәтиже береді», - деп хабарланған Bilkent университетінің жанындағы Ұлттық нанотехнологияларды зерттеу орталығының (UNAM) мәлімдемесінде.
Университет ректоры Абдула Аталар жаңа тесттің құрылымын және тест вирусты қалай анықтайтынын түсіндірген.
«Коронавирус дегеніміз диаметрі 150 нанометр болатын инфекцияның бөлшегі, ал UNAM орталығының мамандары ұзақ жылдар бойы нанобөлшектерді зерттеп келеді. Бұл дәл осы ғалымдардың мамандығы. Түркияда коронавирус тіркелді деген жаңалықты ести сала, орталық ғалымдары осы жобаны бастаған болатын», - дейді ректор.
Қазір ғалымдар алдағы екі ай ішінде осы тест түрін жаппай айналымға шығару үшін Түркия билігі рұқсат береді деген үмітте отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түрлі кәсіпті меңгерген қыз-келіншектер
07.03.2026, 20:19
«Қарағанды-Жезқазған» тасжолының құрылысы келесі айда басталады
07.03.2026, 20:11
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі
07.03.2026, 20:09
Құтқарушылар ауруханаға жете алмаған сәбиге көмекке келді
07.03.2026, 20:09
Қыз-келіншектер ердің ісін игеріп, өндірістің ауыр жүгін көтеріп жүр
07.03.2026, 20:06
«Су тасқыны-2026» айлығы жарияланды
07.03.2026, 20:06
4700-ден астам қазақстандық елге оралды
07.03.2026, 20:06
Әскери саладағы әйелдер ардақталды
07.03.2026, 20:05