Қазақстанда ПТР тест құны арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ПТР тест құны арзандады

19.10.2020

«Invivo» мен «Олимп» орталықтары ПТР тестілеудің бағасын 9000 теңгеге төмендетті. Мұндай ұсынысты өткен апта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жасаған болатын. Клиникалық-диагностикалық зертханалар агенттік ұсынған антимонополиялық келісімге қол қойды. Бұған дейін коронавирусты анықтайтын тест құны жеке орталықтарда 12300 теңгеден 15000 теңге аралығында болатын.

Агенттік осыған дейін бағаға қатысты бірнеше заңбұзушылықтың барын анықтаған. Бірақ оларға тексеру жүргізіп уақыт жоғалтқаннан гөрі ПТР тестілеудің құнын түсіру тиімдірек дейді. Өйткені эпидемияның екінші толқыны келсе, ПТР тестілеу халыққа қолжетімді болуы тиіс. Мұны реттеуді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің өзі тапсырған болатын. 

Раушан Сайлауқызы

ПТР коронавирус

Хабарламаларға жазылу