Екі облыс пен Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирус жұқтыру деңгейі күрт көбейіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі облыс пен Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирус жұқтыру деңгейі күрт көбейіп кетті

14.10.2020

Қазақстанда коронавирус желтоқсан-қаңтар айларында қайта соққы беруі мүмкін. Бұл туралы бүгін елдің бас дәрігері мәлімдеді. Қазірдің өзінде бірқатар өңірде репродуктивтілік көрсеткіш нашарлады. Өйткені ортақ талапты орындамай, сақтыққа селқостық таныту басым. 

Асима Нұрбайқызы, тілші: 
Коронавируспен ауырғандар енді жұқтырмаймын деп арқаны кеңге сала алмайды. Антидене әрі кетсе 5 айға жетеді. Сол себептен желтоқсан-қаңтар айларында ауру қайта күшеюі мүмкін деген болжам жасады бас дәрігер. Ауру айтып келмейді. Жауаптылар қазір соған қамданып жатыр. Төсек-орын, дәрі-дәрмек тапшылығы толық жойылды. Тәулігіне 43 мың тест жасалады. Көлемі тағы да ұлғайып, 63 мыңға дейін жеткізу жоспарда. Ал ПТР-тестілеудің ақысы 22 пайызға дейін арзандайды. 
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: 
Шығын материалдары бағасының нарықта арзандауына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-тест тарифін 22 пайызға дейін арзандату бойынша ұсыныс әзірледі. Сонымен қатар жеке қорғаныс құралдары мен тест жүйесі де арзандады. Ұсыныс мақұлданса, осы айдың соңына дейін тариф бекітіледі. 
Асима Нұрбайқызы, тілші: 
Қазірдің өзінде бірқатар өңірде репродуктивтілік көрсеткіш нашарларды. Яғни, 1 науқастың өзгелерге жұқтыру өсімі өсіп келеді. Тізімде Атырау, Жамбыл облыстары мен Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары бар. Қалған аймақтарда әзірге жағдай тұрақты. 
коронавирус брифинг Денсаулық сақтау министрлігі

Хабарламаларға жазылу