Нұр-Сұлтанда жылу тарифі 30 пайызға өсуі мүмкін
Елордада жылу тарифі 30 пайызға қымбаттауы мүмкін. «Астанаэнергосбыт» жария тыңдау ұйымдастырып, осындай ұсыныс жасады. Айтуларынша, қазіргі тарифпен жиналған ақша шығындарын толық өтемейді. Нәтижесінде өзге кәсіпорындар алдындағы қарызы өсіп жатыр. Есеп бойынша тариф 30 пайызға көтерілсе, қаржылық мәселелер реттеледі. Жылудың қазіргі құны 2016-2020 жылдарға арналған шекті баға мөлшерінде тұр. Жоспар бойынша 2022 жылы тариф тағы 5 пайызға қымбаттайды. Нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Ұсыныс 1 ай көлемінде талқыланады.
Жанна Гислер, «Астанаэнергосбыт» ЖШС бас директорының орынбасары:2016 жылдан бері елде тауар, қызмет бағасы, жалақы да өсті. Ал біз тарифті ұстап тұрдық. Сол уақыттан бастап есептегенде біздің шығынымыз 1 миллиард теңгеден асып кетеді. Қызметкерлеріміздің орташа жалақысы 77 мың теңге. Мұндай ақшаға ешкім жұмыс істегісі келмейді. Егер тариф өссе, орташа жалақыны да 133 мың теңгеге дейін өсіруді жоспарлап отырмыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДСҰ: Африкада эбола вирусы тез тарауда
26.05.2026, 13:03
ІІМ: Ұрланған телефонды сатып алған адам да жауапқа тартылады
26.05.2026, 13:00
Талдықорғанда «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды
26.05.2026, 10:48
Абай облысында Жастар орталығының ғимараты ашылды
26.05.2026, 10:44
Алматы облысында фармацевтикалық зауыт салынады
26.05.2026, 10:38
Қазақстан мен Қытай ЖИ және цифрландыру саласында ынтымақты күшейтпек
26.05.2026, 10:30
Қазақстан мен Ресейдің «Бәйтерек» ғарыш жобасы алғашқы сынақтан сәтті өтті
26.05.2026, 10:24
АҚШ Ислам Республикасының оңтүстігіне қайтадан соққы берді
26.05.2026, 10:21