Екі аптада Қазақстан бойынша тоғыз әкім отставкаға өтініш берген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "отставка институты" туралы айта келе, қол астындағы адамдардың жасаған жемқорлық фактісіне байланысты, екі апта ішінде неше саяси басшы өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлады.
«Президент жемқорлыққа қарсы реформалардың алғашқы пакетін өткен жылдың мамырында жариялады. Тікелей бағынышты қызметкердің жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілігі институты реттелді. Қарастырылып отырған кезеңде (соңғы екі аптада – авт.) аудандық және облыстық деңгейдегі 9 әкім отставкаға кету туралы өтініш берді. Алтауы жұмыстан шықты», - деп хабарлады бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері.
Дереккөзіне сүйенсек, Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысовтың және Алматы облысы Панфилов ауданы әкімі Өмірәлиевтің отставкалары қабылданбаған. Облыс әкімдері оларға "сөгіс" жариялаған.
«Таяуда, 28 қыркүйекте Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Ғаязов отставкаға кетті, ол бұл қызметті 2011 жылдан бері атқарып келеді. Бұған дейін хабарланғандай оған тікелей бағынышты Рудный қаласы Қашар кентінің әкімі Алдонғаровқа қатысты үкім заңды күшіне енді. Сонымен қатар, Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаевтың отставкаға кету туралы өтініші қаралып жатыр. Оның орынбасары Тәжібаев сотталды», - дейді агенттік өкілі.
Жалпы, Агенттіктің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Бигайдаров хабарлағандай, екі апта ішінде Қазақстанда жемқорлыққа қатысы бар 3 лауазымды тұлға ұсталған. Осы аралықта 3 лауазымды тұлға ұсталған, 2 тұлғаға қатысты «күзетпен ұстау» , 3 адамға қатысты «үйқамақ» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады
04.10.2026, 20:03
2 млрд доллар: Қазақстан мен Германия 30-дан астам келісімге қол қойды
04.10.2026, 19:52
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – азаматтардың денсаулығы мен өмірінің кепілі
04.10.2026, 19:50
ЖИ ұстазға пайдалы, ал оқушыға ше? СhatGPT-ден көшіріп, тапсырма орындау үрдісі
04.10.2026, 18:33
Бөліп төлеуге қатысты қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін?
04.10.2026, 18:02
Кітап оқып, 10 млн ұтып ал: Марафонға 1,3 млн-нан астам адам тіркелген
04.10.2026, 17:48
Баспана сатып аларда нені ескеру керек?
04.10.2026, 17:10
Astana AI Film Festival: Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясын жеңіп алды
04.10.2026, 12:25