Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылғанына 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылғанына 25 жыл

12.08.2020

Биыл төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылғанына 25 жыл. Осы уақыт аралығында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, дәрігерлер мен ұшқыштар, психологтар мен кинологтар төтенше жағдай кезінде өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Бүгінгі күннің қаһармандарының бірі - қарағандылық өрт сөндіру бөлімінің командирі Александр Ковтун. Осы салада он бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ол ондаған адамды өлімнен арашалап қалды. Жыл басынан бері Александр Ковтун , 27 рет өрт сөндіруге шығып, соңғысында баланың өмрін сақтап қалды.      

Александр Ковтун, Өрт сөндіру бөлімінің командирі: 

Төзім мен табандылықты қажет ететін сала, күн-түн демей қызмет етудеміз. Соңғы құтқару шарасында мен шамамен 4-5 жастағы баланы аман алып қалдым. Баланың амандығы ата ана үшін бақыт қой, ал мемлекет үшін әр адамның өмірі қымбат.


Руслан Нұрланұлы 

Хабарламаларға жазылу