Қызылордада 54 оттегі концентраторы ауылдық ауруханаларға жөнелтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 54 оттегі концентраторы ауылдық ауруханаларға жөнелтілді

09.08.2020

Сыр өңіріне оттегі концентраторлары жеткізілді. Бұл жолы жасанды тыныс алу аппараттары ауыл-аймақтағы емдеу ұйымдарына үлестіріледі.

Қайырымды іске ұйытқы болған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Игі бастамаға елге белгілі азаматтар атсалысып, демеу көрсетуде.

Мәселен, бүгінге дейін жомарт жандар облыс ауруханаларына 500-ге жуық тыныс алу аппаратын табыстады. Соның арқасында қаладағы барлық медициналық ұйым қажетті қондырғылармен жабдықталған. Енді міне, «Жақсылық жаршысы» атты республикалық акция аясында тағы 54 оттегі концентраторы халық саулығы үшін беріліп отыр.

Нұрмұхамед Сыздықов, «Атамекен» ҰКП облыстық филиалы директорының орынбасары:

Шілде айында 9 концентратор келген осындай қорлар арқылы. Олар негізгі басым бөлігі Қызылорда қаласындағы ауруханаларға таратылған болса, ал 54-і Байқоңыр қаласы мен аудандарға беріліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу