Пәтер иелері кооперативінің қызметіне көңіліміз толмайды. Осындай шағыммен арнамызға елорда тұрғындары хабарласты. Айтуларынша, салынғанына 10 жыл толмаған үйдің тоз-тозы шыққан. Халық ақшасын уақытында төлеп отырғанымен, тиісті жұмыстар атқарылмай жатқанына наразы. Жалпы, пәтер иелері кооперативтеріне қатысты дау-дамайды тиып, мәселені түбегейлі шешудің жолы бар ма?
Пәтер иелері кооперативіне пәтер иелері ашулы. Үйдің аты жаңа, заты –жара. Отыз қабатты үйде қырық жамау бар. Аула қыста қарға, жазда қоқысқа толады. Әйтеуір бос емес. Ал, балалар алағда жүрген жоқ, алаңдап жүр. өйткені, жөнді жабдықталған ойынайтын жер таппайсыз.
Хадиша Өмірбаева, қала тұрғыны :
Міне қараңыздаршы. Алба-жұлба. Қай алаңнан көрдіңіздер. Ақшаны жинайды. Ол қайда кетіп жатыр? Не істеліп жатыр? Сұрақтарға жауап берілмейді.