«Аяла» қоры Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына заманауи қондырғыны сыйға тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аяла» қоры Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына заманауи қондырғыны сыйға тартты

07.08.2020

Соңғы кездері сәбилердің шала тууы, терісінде сарғыштықтың байқалуы жиілеп барады. Мұндай нәрестелерге арнайы күтім керек. Дәл осы мақсатта «Аяла» қайырымдылық қоры Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына заманауи құрылғыны сыйға тартты.

Жылына 12 мың сәби жатып ем алатын облыстық балалар ауруханасы үшін мұндай құрылғылардың маңызы зор. Жаңа туған нәрестелердің теріндегі сарғыштықты емдейтін фототерапияның күш-қуаты екі мың сағатқа дейін жетеді. Ал, қарқынды терапия инкубаторы аурухананың жансақтау бөліміне орналастырылды. Қос құрылғының құны 7 миллион 200 мың теңгені құрады.

Толқын Серғазина, Облыстық балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері:

Аппарат жаңа туған балаларға жасалған отадан кейін күтім үшін керек. Қондырғы фототерапия арқылы балалардың сарғыштық ауруын емдейды. «Аяла» қорына алғыс білдіреміз.



Хабарламаларға жазылу