Петропавлда 7 дәріханада бағаны өсіру фактілері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда 7 дәріханада бағаны өсіру фактілері анықталды

07.08.2020

Петропавлдағы дәріханалар бірреттік маскаларды қымбатқа сатып келген. Экономикалық тергеу департаменті жүргізген тексеріс барысында 85 теңгелік медициналық бетперделерді 115 теңгеден саудалаған 7 кәсіпкерге хаттама толтырды.

Сондай-ақ шілде айында, облыстағы дәріханаларда қажетті деген 41 түрлі препараттардың 5-і сатылымда мүлде жоқ екені анықталды. Бұған қоса, тұрғындар анальгин мен парацетомол және дене қызуын өлшейтін термометрлердің тапшылығына шағымданған. Қазіргі күні, өңірде қажетті құрылғылар мен дәрі-дәрмек толық жеткізіліп, саудаға шағырылды.

Виктория Альпеева, СҚО Экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшіс:

Осы аптада медициналық бетперде сатуға құқығы жоқ сауда орындары анықталды. Бұл дүкендерде тиісті рұқсат құжаттары болмаса да, иелері маскаларды сатылымға шығарған. Әкімшілік кодекстің 426 бабына сәйкес, 10 хаттама толтырылды. Заң бойынша медициналық препараттар мен қорғаныш құралдарын лицензиясы бар кәсіпкерлер ғана бұл қызмет түрін жүзеге асыра алады.

Ал Алматы облысында медицина қызмектері тұрғындарға COVID-19 аурына шалдықпағаны жайлы анықтама сатумен айналысқан. Яғни, ПТР тестінің нәтижесін бұрмалау арқылы, пайда таппақ болған. Экономикалық тергеу департаменті қызметкері күдіктіні жалған құжатты 25 мың теңгеге өткізіп жатқан жерінде қолға түсірді. Ол маусым айынан бері 12 жалған анықтама бергенін мойындады.


Хабарламаларға жазылу