Шылым шегетіндерге шектеу күшейтілді. Бұрынғыдай қалаған жерде темекі түтінін будақтатып тұруға рұқсат жоқ. Салғырттық танытқандарға салынар айыппұл да артты. Екі есе - 42 мың теңге арқалайды.Бұл бір ай бұрын күшіне енген Денсаулық туралы кодекстің талабы.
Сонымен, қазір көпшілік әуестенетін электронды түрі және қор-қор мен темекі өнімдерінің барлығына мына орындарда тыйым салынды. Жабық автобус аялдамаларында, балалар алаңы, метро және жерасты өткелінде мүлдем шегуге болмайды. Тағы мекемелерде, жазғы кафелерде, жалпы қоғамдық орындарда тұтыну тоқтатылды. Бұдан бөлек темекі енді 21 жастан жоғарыларға ғана сатылады. Сатушылар жеке куәліктерін көруге міндетті. Тіпті темекі мен кальян қоспаларын дүкен сөрелерінен алып тастау көзделіп отыр. Бұл ереже келер жылы күшіне енуі мүмкін.
Әсима Нұрбай