Екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталып жатыр

05.08.2020

Вирустың жаңа толқыны бастала қалса, елде екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар. Осы мақсатта 24 млрд теңгеге препараттар сатып алынып жатыр. Ауруханалар мен провизорлық орталықтарды толық қамтамасыз ету үшін 91 түрлі дәрі жеткізіледі. Жекеменшік дәріханалар да бос қалмайды. Қазір, бұл мәселе пысықталып жатыр.

«СҚ-Фармация» оларды қалалар мен ауыл -аймақтағы әр дәріханаға дейін жеткізуі тиіс. Үкімет басшысы Асқар Мамин «СҚ-Фармация» логистикалық хабына барып, қабылданып жатқан шаралармен танысты.

Премьер-Министр жауаптыларға дәрі-дәрмектің өңірлерге дер кезінде жеткізілуін бақылауда ұстауды жүктеді. Әрі күзгі-қысқы маусымда коронавирустан емдейтін барлық медициналық препараттардың болуын, дәрі-дәрмектерге қажеттілік артқан жағдайда шұғыл әрекет етуді, бөлшек сауда секторын тапшы дәрі-дәрмекпен толықтыруды тапсырды.


Әсима Нұрбай

Хабарламаларға жазылу