Коронавирустан жазылып шыққан азаматтар ел аумағындағы шипажайларға жіберілуі мүмкін
COVID-19 инфекциясымен ауырып, жазылып шыққан қазақстандықтар шипажайларда сауықытыру курсын алуы мүмкін. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.
«Пандемия кезінде көптеген азаматтарға өз қаражатына емделуге тура келді. Біз мұны түсінеміз. Осыны ескере отырып, қор коронавирустық инфекцияға шалдыққан адамдарды сауықтыру туралы шешім қабылдады. Бізде Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен медициналық ұйымдар бар. Пандемия кезеңінде сауықтыру медициналық көмегі екі есеге қысқарды. Осыған байланысты, тамыз айынан бастап біздің қор коронавируспен ауырған науқастарды сауықтыруды бастайды», - деді Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06