Джон Хопкинс университеті келтірген мәліметтеріге сәйкес, әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырған адамдар саны 10,5 млн-ға жақындап қалды. 500 мыңнан астам науқас індеттен көз жұмған. ДДСҰ әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға қарап пандемияның аяқталу мерзімі әзір келмейді дейді.
Еуропа елдері біртіндеп шекараларын ашып жатқанымен, құрлықтағы бірнеше мемлекетте жағдай қайта ушыға түсті. Германияның ең тығыз орналасқан аймақтарының бірі Солтүстік Рейн-Вестфалияда вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қатаң карантин режимі қайта енгізілді.
Коронавирустан қатты зардап шеккен Еуропадағы мемлекеттердің бірі Ұлыбританияда да Лестер қаласы карантинге жабылды. Ал ел экономикасы соңғы 40 жылдағы рекордтты құлдырауға ұшырауда. Қаржы сарапшылары бұл құлдыраудың тек басы ғана деп отыр.
Ал Канада үкіметі азаматтардың өзге мемлекеттерге шығуына белгісіз мерзімге дейін тыйым салды. Сондай-ақ, елге келген кез-келген адам екі апаталық карантинде болуға міндетті.
Бразилия билігі Амазонкада қоныстанған тайпаларға әскери тікұшақтар арқылы жеке гигиеналық құралдар мен азық-түлік тауарларын жеткізіп, халықтың басым көпшілігінен COVID-19 инфекциясын тексеруге тест сынамаларын алды.
Коронавирус жұқтыру мен қайтыс болған науқастар саны бойынша алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі АҚШ-та эпидемиологиялық жағдай қайта қиындады. Елде күніне 40 мыңға жуық вирус жұқтырудың жаңа дерегі тіркелуде. АҚШ-тың бас эпидемиологы Энтони Фаучи үкімет арнайы шаралар қолданбаса, алдағы уақытта бұл көрсеткіш тәуілігіне 100 мыңға науқасқа дейін жетуі мүмкін дейді. Елдегі қауіпті жағдайға байланысты АҚШ президенттігіне үмтікер Джо Байден сайлауалды бағдарламарын тоқттаты. Оның айтуынша, дәл қазіргі қиын жағдайда мұндай қадамға бару мүмкін емес.
BBC