Басты Жаңалықтар Степногорск тұрғындары шаһар аумағына улы қалдықтардың әкелінуіне қарсы

Степногорск тұрғындары шаһар аумағына улы қалдықтардың әкелінуіне қарсы

Ақмола облысындағы Степногорск қаласының тұрғындары шаһар аумағына улы қалдықтардың әкелінуіне қарсы. Қалаға осы уақытқа дейін Балқаш көлінің жағасындағы «Дарьял-У» радиолокациялық станциясының аумағында сақталған қоршаған ортаға зиянды заттар тиелген контейнерлер жеткізілген болатын.

Бұл істен жергілікті әкімдік те хабарсыз болып шықты. Қалдықтарды тасымалдау, оны сақтау бойынша тендерді ұтып алған серіктестіктің алаңы Степногорскіде орналасқан. Сондықтан осында жеткізіліпті. 

Мамандардың айтуынша, улы қалдықтар мемлекеттің айрықша бақылауында. Сол себепті оны жою жұмыстары бастан-аяғына дейін қадағаланады. 

Тараптардың пікірі осындай. Алайда жауаптылардың алға тартқан уәжі тұрғындарды райынан қайтара қоймады. Сондықтан жергілікті халық қалдықтардың Степногорск аумағынан шығарылуын талап ете бермек. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН 


Бөлісу