Саумал вирустан қорғай ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саумал вирустан қорғай ма?

01.07.2020

«Саумал –вирустан қорғайды. Сондықтан қымызды жиі ішкен жөн»,- дейді мамандар. Жалпы, бие сүтінің емдік қасиеті бұған дейін де дәлелденген. Ал дәл қазір иммунитетті көтеріп, ағзаның жұмысын жақсарту үшін дәруменге бай саумал мен қымыз ішіп, жылқының етін жеп, індеттен қорғануға болады.

Саумалдың дәмі ерекше. Тәтті. Ем үшін биебаудың басынан саумал ішетіндер бұрында да аз емес еді, індет өршігелі тіпті көбейген. Бие сүтінің құрамында белок, амин қышқылы, тез еритін май, оттегі және организмге керек минералдар, көптеген дәрумендері бар. Жалпы 80-ге жуық биологиялық белсенді қоспа бар екені дәлелденген.

Қымыздың құнарлылығы да саумалдан кем емес. Ашыту әдісіне қарай бал қымыз, құнан қымыз, дөнен қымыз, бесті қымыз деп бөлінетін пайдалы сусынға да қазір сұраныс жоғары. Ал жылқы етінің мықты иммунитет қалыптастыратынын мамандар жиі айтады.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу