Шымкентке Түркістан облысы 300 провизорлық орынды көмек ретінде ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентке Түркістан облысы 300 провизорлық орынды көмек ретінде ұсынды

01.07.2020

Осы эпидахуал ушыққан Шымкентке Түркістан облысы 300 провизорлық орынды шымкенттік науқастарға көмек ретінде ұсынып отыр. Қазір Түркістан облысының ауруханаларында 9 мың төсек-орын бар. Ал оның 25 пайызы бос тұрған көрінеді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі тікелей эфир кезінде мәлімдеді. Сондай-ақ ол ауруханалардың ахуалына тоқталды. «Өңірдегі 124 жедел жәрдем көлігінің 85-інде ғана ИВЛ аппараты бар. Ауруханаларда өкпені жасанды желдететін осындай 178 құрылғы бар. Компьютерлік томография жасайтын қондырғының облыс бойынша 10-ы ғана жұмыс істеп тұр. Ал пневмония шалдыққандар саны екі мыңға жуықтаған. Ауруханаларға орын жоқ, дәрі-дәрмек тапшы деген мәселелер туындаса, тұрғындар 109 call-орталығына қоңырау шалуына болады»,- деді Сәкен Қалқаманов.

Гүлжазира ҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу