Шымкентте дәрі-дәрмек тапшы
Шымкенттіктер дәрі-дәрмек таппай сандалып жүр. Дерт дендеген шақта жұрт жаппай дәрі сатып алуға көшкендіктен, тапшылық туындады. Жұрттың көбі бойында сырқат белгілері пайда болысымен өз бетінше үйден емделуге көшкен. Дәрі дәрмек тапшылығын болдырмау мақсатында дәріханалар жұмысына мониторинг жүргізілді. Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаменті дәрі-дәрмектің көбі шетелден келетіндіктен кей дәрілер екі-үш күнге кешігіп жеткізіліп жатқанын анықтаған. Сондай-ақ шағын дәріханаларда препарат қоры аз болғандықтан жылдам таусылып кетіп жатқаны тағы бар. Шаһарда жалпы 730-ға тарта дәріхана жұмыс істейді. Оның 40 проценттен астамы кішігірім сауда орындары.
Ғани ҚАЛМАХАН
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06