Шекарадан 7 миллион медициналық маска, 4 миллион қолғап, 20 мың респиратор және 3 мың қорғаныш киімін өткізу әрекеті әшкере болды. Бұдан бөлек, жалған құжатпен жүру дерегі де жиі тіркеледі. Пандемияға байланысты жолаушылар ағыны азайғанымен заң бұзушылықтар тыйылмай тұрғанын айтады шекара қызметінің өкілдері. Сондай-ақ карантиндік шектеу кезінде қазақ-қырғыз арасындағы көлік кептелісі үлкен мәселеге айналған еді. Қазіргі таңда барыс-келіске еш кедергі жоқ. Жалпы ел шекарасында 100 өткізу пункті бар. Оның 51-і автокөлік өткізу пункті. Бүгінде соның 12-сі уақытша жабылған.
Қазақстанмен тұрақты халықаралық әуе қатынасы бар бірінші санаттағы елдердің тізімі ұзартылды. Енді Мажарстан, Үндістан, Германия, Чехия және Малайзиядан келетін жолаушыларға ешқандай шектеу қойылмайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің көліктегі бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. Бұған дейін бірінші санаттағы мемлекеттерге Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия және Таиланд енген болатын. Ал екінші санаттағы елдердің тобына Мысыр, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан кіргізілді.
Нысаналы ЫҒЫЛ