Елордада ахуал орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ахуал орталығы ашылды

25.06.2020

Елордада ахуал орталығы ашылды. Онда дереу талдау жасалып, кеңес беріледі. Сондай-ақ қалалық аумақтық емханаларда жауапты тұлғалармен байланыс орталығы құрылды. Себебі бас шаһарда короновирус инфекциясы және пневмония диагнозымен күніне 300-400 адам ауруханаға жатқызылуда. Жұқпалы және провизорлық стационарларда науқастар саны екі жарым мыңға жетті. Емдеу мекемелерінде төсек орындар көбейтіліп жатыр. Енді №1 көпбейінді қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде пайдаланылады.

Өзге сырқаттарға шалдыққандар да назардан тыс қалмайды. Үлкен кісілер мен балаларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қалалық көпбейінді ауруханада гематологиялық, токсикологиялық, неврологиялық бөлімдер ашылды. Ал жарақат алғандар немесе күйік шалғандар Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жүгіне алады. Онкологиялық дертпен ауыратындарға көпбейінді медициналық орталық көмек көрсетеді. Жүкті әйелдерді қаладағы екі перинаталдық орталық қабылдайды. Ал коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер № 2 перинаталдық орталыққа барады.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу