Ақтөбеде бір тәулікте пневмониядан 4 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде бір тәулікте пневмониядан 4 адам қайтыс болды

24.06.2020

Ақтөбеде өткен бір тәулікте пневмониядан 4 адам қайтыс болды. Осылайша, ай басынан бері көз жұмғандар саны жиырма екіге жетті. Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, өткен түні жеделжәрдем қызметіне 198 шақыру түскен.88 адам ауруханаға жатқызылды. Қазір 28 науқас жан сақтау бөлімінде жатыр. Он адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.Маусым айының басынан бері медицина мекемелерінде өкпесі қабынған 1 257 адамға көмек көрсетілген. Алайда, дәрігерлер көмекке жүгінбей, өз беттерінше үйлерінде емделіп жатқандар мен көз жұмғандардың санын дәл анықтау мүмкін емес екенін айтады.

Індеттің өршуіне байланысты ертеңнен бастап барлық балабақшалар жұмысын тоқтатады. Себебі, оныншы маусымнан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың 9 қызметкері коронавирус жұқтырған. Оның бірнешеуі аудандарда.  

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу