Жедел жәрдем бригадасының фельдшері Дәулетияр Мәмбетов жас келіншекті үйінде босандырып алды. Шақалақтың кіндігі мойнына оралған. Соған қарамастан, тез әрі дұрыс шешім қабылдай білген кәсіби маман сәбиді аман алып қалды.
Екі күн бұрын үйінде босанған келіншек бүгін перзентханадан шықты. Дүние есігін ашуға асыққан шақалақ та міне, қазір ата-анасының бауырында. Ал бұл жедел жәрдем бригадасының 633-шақыртуы еді. Фельдшер Дәулетияр келіншекті босандырып болған соң, алғашқы тиісті көмекті көрсетіп, ана мен баланы перзентханаға аман есен жеткізеді.
Әсияның да, бөпенің де жағдайы қазір жақсы. Дәрігерлердің бақылауынан өтіп, отбасына оралды. Ал Дәулетрияға дамыл жоқ. Өйткені эпидаухауалға байланысты жедел жәрдем қызметінің жұмысы күнде қауырт.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ